Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда су тасқынынан 27 адам қаза тапты

Үндістанда су тасқынынан 27 адам қаза тапты

Үндістанның Ассам штатында су тасқынынан 27 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Анадолу агенттігінің мәліметінше, штаттың 171 мыңдай тұрғындары өз үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған.

Жергілікті Hindustan Times басылымы Ассам штатындағы күшті нөсер салдарынан болған су тасқыны 390 мыңдай адамды айналып өтпегенін жазды.

Табиғи апат салдарын жою бойынша басқарма өкілдері қаза тапқан 27 адамның жетеуі – Каримгандж ауданының тұрғындары деп отыр. Одан басқа, Барпет ауданынан 7 жастағы ер бала қайық аударылып қайтыс болған.

    17 өңірде 245 уақытша лагерь құрылды. Көшірілген 171 мыңдай адамның 15 160-ы уақытша лагерьге орналастырылды, - деп атап өтті билік өкілдері.

Үндістанның метеорологиялық департаменті (IMD) жариялаған деректерге сәйкес, Ассам штатында 1 маусым мен 19 маусым аралығында жауған жауын-шашын мөлшері маусымдық нормадан 50 пайызға асып кеткен.

Сурет: ашық дереккөз 
23 маусым 2024 ж. 591 0