Үндістанның Керала штатында нөсер жауын мен найзағайдан 11 адам қаза болды

«Жауын-шашын салдарынан қаза тапқан 11 адамның алтауы түрлі суға батып кету оқиғаларынан көз жұмған, екеуі су толтырылған карьерлерге құлады, екеуі найзағай соғып, біреуі қабырғаның опырылуынан қаза тапты», – деп мәлімдеген жергілікті шенеунік журналистерге.
Соңғы 24 сағатта штаттың кейбір бөліктерінде 20 см-ден астам жауын-шашын түсті, деп қосты шенеунік.
Сонымен қатар, билік өкілі өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері және басқа да бөлімшелер кез келген оқиғаға сақадай сай екенін мәлімдеді.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөз