Индонезияда шахта апатынан 17 адам қаза тапты

Тағы 45 адам хабар-ошарсыз кетті деп саналып, іздестіріліп жатыр.
Боне Боланго округінде заңсыз эксплуатацияланған кен орнының 52 қызметкері апаттан құтқарылғаны белгілі болды.
23 адам үйінді астынан аман-есен шығарылған, олардың 18-і – жаралылар.
Тағы 45 адам іздестірілуде.
"Горонтало" іздестіру және құтқару агенттігінің баспасөз хатшысы Афифуддин Илахуде 200-ден астам полиция және әскери қызмет іздестіру-құтқару жұмысына жұмылдырылғанын мәлімдеді.
Сурет: ашық дереккөз