Қытайда көпір опырылып, 11 адам қаза тапты

«Чжашуй уезі Шанло қаласында орналасқан көпір жұма күні кешкі сағат 20:40 шамасында кенеттен жауған жаңбыр мен су тасқыны салдарынан құлады», - деп хабарлады жергілікті билік.
Сенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша құтқарушылар өзенге құлаған бес көлікті тапты. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз