Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияның күріш қоры рекордтық минимумға дейін төмендеді

Жапонияның күріш қоры рекордтық минимумға дейін төмендеді

Жапонияның күріш қоры туристер ағыны мен өнімнің азаюына байланысты соңғы онжылдықтағы ең төменгі рекорттық деңгейге дейін жетті, деп хабарлайды The Guardian.

Жапонияның Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, жеке сектордағы күріш қоры 2024 жылдың маусым айында 1,56 миллион тоннаға дейін азайған, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға ортайды. Бұл деректер - жинау басталған 1999 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.

2023 жылы елде болған аптап ыстық егінді жинап алуға кері әсерін тигізген еді, нәтижесінде күріш қоры күрт азайып кетті. Атап айтқанда, өткен жылдың қыркүйек айындағы температура Жапонияда соңғы 125 жылда байқалған ең ыстық ай болды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми өкілі Хироши Итакура күріш қорының рекордтық деңгейге дейін төмендеуіне бірнеше факторлар, соның ішінде жоғары температура, судың жетіспеушілігі және шетелдік туристер ағыны себеп болғанын айтты.

Өткен жылы күрішке сұраныс күтпеген жерден 7 миллион тоннаға дейін өсті және жергілікті үкімет мұны туристердің келуімен байланыстырады: 2024 жылдың бірінші жартысында Жапонияға 17,78 миллион турист келді, бұл пандемияға дейінгі кезеңнен 1 миллионға көп. Министрліктің мәліметінше, күніне екі рет күріш жейтін туристер сұраныстың 51 мың тоннаға артуына себеп болған.

Жетіспеушілік салдарынан күріштің бағасы көтерілді. Кейбір супермаркеттер бағаны шарықтатуға және сатуды шектеуге мәжбүр. Мұндай жағдай жаңа өнім сатылымға шыққанға, яғни қыркүйекке дейін жалғасады деп күтілуде.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз 
01 тамыз 2024 ж. 258 0