Ауыл шаруашылығы экспорты артты

Ал экспорттық тауарлардың ішінде күріш өнімінің үлес салмағы басым. Ол барлық экспортталған өнімнің 87,7 пайызын құрайды. Сыр салысы Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак мемлекеттеріне экспортталуда. Бүгінде 70,5 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылмен салыстырғанда 165,6 артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Венгрия, Литва, Германия, Чехия, Нидерланды және Австрия мемлекеттеріне 2539,1 тонна балық, Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 2 210,6 тонна қамыс, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанға 1 126,8 тонна бидай қалдығы және Ресей мемлекетіне 280,0 тонна қызанақ, 2183,0 тонна қарбыз, 305,0 тонна қауын жөнелтілді. Сонымен қатар, Қытай мемлекетіне 1 229,4 тонна көкөніс өнімдері экспортталды.