Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда әлемдегі ең ірі АЭС салынып жатыр

Түркияда әлемдегі ең ірі АЭС салынып жатыр

Түркия келесі жылы «Аккую» атом электр станциясының бірінші реакторын іске қосады, деп хабарлайды BAQ.KZ 24KZ сілтеме жасап.

Қазір 4 энергоблоктың құрылысы қатар жүріп жатыр. Бұл станция елдің оңтүстік аймағының дамуына үлкен серпін береді. 2010 жылы Ресей мен Түркия үкіметі арнайы келісімге қол қойған еді. Құрылысты келісім аясында ресейлік «Росотам» корпорациясы 2018 жылы бастады.

Түркия алғашқы атом электр станциясын салып жатыр. «Аккую» деп аталатын бұл нысан әлемдегі ең үлкен станция болады. Аумағы 10 шаршы шақырымнан асады. Мұнда ресейлік ғалымдардың жетекшілігімен 4 реактор тұрғызылады. Құрылыс жұмыстары күндіз-түні тоқтаған емес. Шамамен 34 мың адам жұмылдырылған. Құрылыс алаңында бетон мен арматура өндіретін зауыттардан бөлек, тікұшақ қонатын алаң мен жүк түсіретін кеме айлағы бар. Сонымен қатар құрылыс басталғалы туристер тарапынан қызығушылық артқан. Себебі бұл жер саяхатшылар арасында танымал Анталья мен Аланияға өте жақын.

Жоба өңірдің әлеуметтік жағдайына оң әсер етті. Тіпті қалалардың келбеті өзгеріп, ұлғайып келеді. Жаңа кенттер өсіп шықты. Жұмыс орындары ашылып, осындағы кәсіпорындар өндіретін тауар көлемі де ұлғайды,- дейді «АККУЮ НУКЛЕАР» АҚ бас директоры Сергей Буцких.

Сурет: ​baq.kz​​​
16 тамыз 2024 ж. 205 0