Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Чернобыль" сериалынан кейін апат болған жерге туристер легі артқан

"Чернобыль" сериалынан кейін апат болған жерге туристер легі артқан

Атақты HBO телеканалы түсірген «Чернобыль» сериалынан кейін атом электр станциясын көруге ниеттілер саны еселеп артқан,Мамыр айында тарихи драма эфирге шығысымен адамдар экскурсияларды жаппай брондай бастапты. Құны жүз долларды құрайтын саяхат кезінде туристерге жарылған реактор үстіне құйылған саркофаг пен иен қалған Припять қалашығы көрсетіледі. Еске салайық, адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апат 1986 жылы 26 сәуірде болған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан 9 мыңнан аса адам қаза тапқанын мәлімдеген. Ал Greenpeace 200 мың адам құрбан болды деп мәлімдеген еді. Апат салдарынан Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адам өміріне қауіпті деп танылды.
https://kaz.tengrinews.kz
05 маусым 2019 ж. 912 0