Шиеліде күн электр станциясы салынуда
Қызылорда облысы Шиелі ауданында күн электр станциясының құрылысы жүріп жатыр,- деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Қуаттылығы сағатына 50 мегаватты құрайтын айтулы жоба ауданға қарасты Сұлутөбе ауылының іргесінде салынып жатыр. Бұл мақсатта 150 гектар жер телімі берілген. Жоба бойынша күн электр станциясы жақын аудандар мен облыс орталығын жарықпен қамтамасыз етпек. Мамандардың сөзінше, нысан ауадағы көмірқышқыл газының жылдық мөлшерін 75 мың тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік бермек.
– Жалпы бұл 23 млрд теңгенің көлемінде инвестиция тартылып жатқан. Бұл мысалы біздің Шиелі ауданында қысты күндері 9 мВт пайдалансақ, жазда 13-14 мВт пайдаланамыз. Енді сіздер есептеп көрсеңіздер, 4-5 ауданның электр қуатымен қамтамасыз ететін үлкен өндіріс орны болайын деп тұр. Қазір құрылысы басталып жатыр, біз желтоқсан айында бітіреміз деп жоспарлап отыр, - дейді Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы.
Жоба іске қосылғанда әлеуметтік көмек ретінде күн электр станциясы жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына жеңілдіктер көрсетілу жағы қарастырылмақ.
Айта кетейік, жақында Жалағаш ауданында да күн электр станциясының құрылыс басталған болатын.
https://abai.kz/post/96072