Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғыз елінде сел жүріп жатыр, төтенше жағдай жарияланды

Қырғыз елінде сел жүріп жатыр, төтенше жағдай жарияланды

Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан сел жүріп жатыр.

Біраз жолды басып қалған. Жеті-Оғыз, Ақсу, Ыстықкөл, Тон аудандарында жол қозғалысы шектелді. Тон ауданында сел су өткізетін құбырларды да шайып кеткен. Тон, Жеті-Оғыз аудандарында төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазір апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпарат көзі: turkystan.kz.
Сурет: ​smi24.kz​​​
19 тамыз 2024 ж. 208 0