Латвия әйелдер үшін міндетті әскери қызметті енгізуі мүмкін
Латвия 2028 жылы әйелдерді міндетті әскери қызметке шақыра бастауы мүмкін. Бұл туралы Балтық республикасының қорғаныс министрі Андрис Спрудс мәлімдеді, деп жазады ТАСС.
«Әрине, бұл бүгін немесе ертең болмайды», - деді Қорғаныс министрлігінің басшысы әйелдер үшін әскери қызметті енгізу жоспарына түсініктеме бере отырып.
Спрудс 2028 жыл «оңтайлы» болуы мүмкін деп атап өтті. Оның айтуынша, 2028 жылға қарай үкімет әскерге шақырылғандардың санын жылына 4 мыңға жеткізгісі келеді. Оған дейін үкімет бірқатар дайындық жұмыстарын жүргізіп, бұл мәселеге қатысты саяси пікірталас жүргізуі қажет. Содан кейін әскери қызметке келетін әйелдерге қажетті киім-кешек, құрал-жабдық, олардың резервін жасау қажет болады. Латвия ұлттық қарулы күштеріне қатысты бұйрықтар шығарылып қойылған.
Латвияның Сыртқы істер министрі Байба Браже де әйелдерді әскерге шақыру идеясын қолдады. Ол «мәжбүр» сөзі жағымсыз естілгенімен, әйелдердің мүмкіндіктері ғана емес, жауапкершілігі де бар екенін атап өтті. Оның есебі бойынша, әйелдер үшін міндетті әскери қызмет «барлық адамға тиімді».
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: kaz.inform.kz