Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжікстанда көріпкелдің қызметіне жүгінген адамдар жауапқа тартылады

Тәжікстанда көріпкелдің қызметіне жүгінген адамдар жауапқа тартылады

Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі көріпкелдер мен емшілерге ғана емес, олардың клиенттеріне де заңды шара қолданады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Avesta.tj порталына сілтеме жасап хабарлайды.


Ішкі істер министрлігі жедел-профилактикалық тексерулер барысында 150-ден астам азаматтың көріпкелдер мен емшілерге жүгінген анықталды.

"Мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу үшін көріпкелдер мен сиқыршыларға жүгінген барлық азаматтар Ішкі істер министрлігінің бөлімшелеріне жеткізіледі. Олардың деректері Ішкі істер министрлігінің мұрағатына енгізіледі", – деп хабарлады министрлік.

Тәжікстан азаматтарының балгер мен көріпкелдердің қызметіне не себепті жүгінгені белгісіз.

Сурет: ашық дереккөз 
28 тамыз 2024 ж. 236 0