Парижде Паралимпиада ойындарының ресми ашылуы басталды

Паралимпиада ойындарында спорттың 9 түрінен 33 қазақстандық спортшы сынға түседі.
Дүбірлі доданың шымылдығы әйгілі Champs-Élysées бульвары мен Place de la Concorde алаңында ашылды.
Айта кетейік, Франция астанасындағы ойындардың ашылу салтанатына қазақстандық параспортшыларды қолдау үшін ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы барды.
Сурет: halyq-uni.kz