Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қара құрлықтағы құлдар елі

Қара құрлықтағы құлдар елі

Келмеске кеткен құл иеленушілікке әлем бойынша өткен ғасырда (1981 жылы) және 2007 жылы тағы бір мәрте ресми тыйым салынғанына қарамастан, Мавританияда құлдық әлі бар көрінеді.
Құлдар «харатиндер» деп аталып, атадан балаға мұраға қалдырылады екен. Олар ауыр жұмысқа жегіледі: үй салады, егістік алқабында жұмыс істейді және тағы басқа шаруалармен айналысады. Мавританиядағы халықтың шамамен 20%-ы, яғни, 600 мыңға жуық адам құлдықта өмір кешеді. Бұл елдегі құлдықтың бастау алғанына шамамен – 1300 жыл болған. Әлемдік қауымдастық ел билігінен құлдықты жоюды талап етуде. Алайда, мавританиялықтар талапты орындауға асығар емес.
Харатиндердің бас азаттығы үшін күресіп жүрген бірнеше қоғамдық ұйымдар да дәрменсіз болып отыр. Өйткені, қожайыны тегін жұмысшы күшінен айрылғысы келмейді. Әр құл қожайынына күніне 15 доллар пайда әкеледі. Бұл – оларда үлкен табыс.
Құлдың отбасында дүниеге келген бала да құл саналады. Яғни, еркі қожайынында. Харатиндерді қожайындары сатуға, сыйлауға, қалыңдықтың қалыңмалы ретінде беруге құқылы.
Сүйектеріне құлдық әбден сіңген харатиндердің өздері де бас бостандығы үшін күреспейді екен. Себебі, кедейліктен барар жері, басар тауы жоқ. Аштан өлгеннен құлдықта тірі жүргенді жөн көреді.
ortalyq.kz
17 наурыз 2019 ж. 1 458 0