Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та тағы да қауіпті дауыл соғу қаупі бар

АҚШ-та тағы да қауіпті дауыл соғу қаупі бар

Атлант мұхитында "Оскар" деген атауға ие болған дауыл соқты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АҚШ ұлттық орталығы таратқан ақпаратқа сәйкес, «Оскар» дауылында желдің соғу жылдамдығы 36 м/с-ты құрайды.
Белгілі болғандай, дауыл батысқа сағатына 19 шақырым жылдамдықта жылжып келеді. Осы орайда апаттың орын алу қаупіне байланысты дауылды ескерту жарияланған жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Флорида штаты соңғы жеті жылда болмаған дауыл соғып, 200-ден астам адам көз жұмған болатын.

Сурет: ашық дереккөз 
20 қазан 2024 ж. 256 0