Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертең Қызылорда, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында шаңды дауыл соғады

Ертең Қызылорда, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында шаңды дауыл соғады

Бейсенбі күні Қызылорда облысында шаңды дауыл соғып, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарына бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«31 мамырда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, солтүстіктен батысқа қарай секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады», - делінген хабарламада.
Ал Шығыс Қазақстан облысында бұл күні түнде үсік жүріп, ауа райы 2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Кей жерлерде жауын жауып, таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
«Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл соғып, найзағай ойнайды және оңтүстік-батыстын секундына 23-28 метр аралығындағы жылдамдықпен жел соғады», - делінген хабарламада.
baq.kz​​​
30 мамыр 2018 ж. 1 895 0