Қырғызстанда қар көшкіні басып қалған алты адамның мәйіті табылды

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары кешеден бері Жалал-Абад облысы Чатқал ауданы Ақ-Сай маңындағы қар көшкіні кезінде жоғалып кеткен алты азаматты іздестірді.
3 адамның мәйіті 18 қазан күні табылып, тікұшақпен Құмбел ауданындағы штабқа жеткізілді. Құтқарушылар олардың денесін полиция қызметкерлері мен туыстарына тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қазан күні Қаныш-Қия ауылының 14 тұрғыны мен бір шетелдік тауға сирек кездесетін өсімдіктің тамырын іздеп шығып, жоғалып кеткен болатын. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 16 қазанда сегіз азамат аман-есен табылды, алтауы қар көшкіні астында қалып, мерт болды.
Осыған дейін Қырғызстанда қайтыс болғандарға тас және мәрмәрдан ескерткіш қойып, тақтатас орнатуға тыйым салынатыны туралы жаздық.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөз