Норвегияда трамвай рельстен шығып, дүкеннің ішіне кіріп кеткен
![](/uploads/posts/2024-10/1730267634_5.jpg)
Полицияның хабарлауынша, трамвай жүргізушісін қоса алғанда төр адам зардап шеккен. Оқиға болған кезде қоғамдық көлікте 20 адам болған.
«Қазір онда аласапыран болып жатыр. Мұнда полиция қызметкерлері өте көп, сондай-ақ өрт сөндіруші көліктер жүр, ал адамдар даңғылдан қалай өтерін білмей сандалып жүр»,-деді куәгерлердің бірі.
Оқиға болған маңдағы аудандарда электр қуаты сөндірілді. Оқиға болған Сургата көшесінде қозғалыс ішінара шектелді. Трамвай кіріп кеткен ғимараттан адамдар эвакуацияланды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.
Осыған дейін Норвегияның бензинмен жүретін көліктерге қарағанда электромобильдер саны бойынша көш бастағанын жаздық.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: kaz.inform.kz