Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » AIBA ПРЕЗИДЕНТІ ӨЗ ЕРКІМЕН ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

AIBA ПРЕЗИДЕНТІ ӨЗ ЕРКІМЕН ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Халықарылық бокс қауымдастығының президенті (AIBA) Ғафур Рахимов уақытша өз өкілеттілігінен бас тартты. AIBA атқару комитетінің кезектен тыс отырысы телеконференция негізінде демалыс күндері болады. Отырыс аясында уақытша президентті бекіту бойынша процесс жүргізілмек.
«25 жылдан астам уақыт өзімді ұлы спорт – боксқа және олимпиада қозғалысына арнау арқылы мен біздің спорт пен спортшылардың алдына әркез биік мақсаттар қойдым. Әсіресе, былтыр күн демей, түн демей аса белсенді жұмыс істеп, біздің спорттың бұрынғысынан да берік, бұрынғысынан да мықты болуы үшін еңбек еттім. Істелген жұмыс пен елеулі прогрессті мақтан етемін. Олардың ішінде – біздің басқару саясатын күшейту шарасы да бар. Бұл – AIBA-ның барлық жаздық халықаралық федерациялар арасындағы рейтингте жоғары өрлеуіне мүмкіндік берді. Таза спорт үшін күрес нәтижесінде біздің қауымдастық тестілеу бойынша халықаралық агенттікпен (ITA) серіктестік орнатып,  ВАДА кодекстеріне толықтай сай келді. Біздің қаржылық тұрақтылығымыз ұйым ішінде қаржылық тәртіпті қалпына келтіріп, көптеген серіктестеріміздің сеніміне ие болдық. Тағы бір айта кетерлік жағдай, төрешіліктің жаңа жүйесін енгізіп, бұл олимпиадалық серіктестеріміздің көңілінен шықты.
Алайда осынша жұмсалған күшке қарамастан соңғы бірнеше айда олимпиялық бокс болашағына байланысты көптеген пікірталас болды. Бірақ ол пікірлердің көбісі спортқа емес, саясатқа қатысты болды. Саяси дискуссиялар ұйым болашағына деген күмәнді туғызды. Бұрын да айтқанмын, қазір де қайталаймын – маған қарсы жасалып жатқан айыптаулар саяси жалғандыққа негізделген. Мен өзімді қашан да бокстан жоғары қойған емеспін және президент ретінде мен осы спорттың өркендеуі үшін қолымнан келген шаруаның барлығын істеуге дайынмын.
Осы орайда мен AIBA атқару комитеті мүшелерін президенттік қызметімнен кететінім жайлы хабардар еттім. Қауымдастықтың бекітілген жарғысы мен заңына сәйкес президент өз өкілеттілігінен бас тарта алады. Былтыр жүзеге асырылған барлық бастамалар біздің спорттың келешекте нығая түсуі үшін оң тұрғыда әсер етеді деп сенемін» делінген Ғафур Рахимовтың мәлімдемесінде.
23 наурыз 2019 ж. 928 0