Кипр НАТО-ға кіруге ниетті

Кристодулидес Кипрдің географиялық орналасуын оның басты артықшылығы ретінде атады. Сонымен қатар, аралдың әскери-теңіз және әуе базаларын модернизациялау туралы шешімдер қабылданғанын және Кипрдің теңіз нысандарына қатысты ЕО, әуе күштеріне қатысты АҚШ-пен келіссөздер жүргізіліп жатқанын растады.
Кипр Республикасы аралдың шамамен 60%-ын бақылайды, ал қалған бөлігін Солтүстік Кипр Түрік Республикасы иеленеді. Кипрдің НАТО-ға мүше болуы тек Кипр жанжалының шешілуіне және Түркиямен қарым-қатынасты жақсартуға байланысты болмақ.
stan.kz