Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Австралияда жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынады

Австралияда жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынады

Австралияда жасөспірімдердің әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Австралия парламенті 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым cалмақ. Жаңа заң 1 жылдан кейін күшіне енеді.

Ел Премьер-министрінің мәлімдеуінше, мұндай тыйым балаларды әлеуметтік желінің зиянды әсерінен қорғау үшін қажет. Оны қолдап отырған ата-ана көп. Бірақ кей сарапшылар заң талаптарын тым қатал деп бағалап, әлеуметтік мәселелерді шешуде тиімсіз болуы мүмкін дейді. Бұған дейін Франция мен АҚШ-та осындай заң енгізіліп, нәтиже бермеген соң күші жойылған еді.


Сурет: ​www.youtube.com​​​
02 желтоқсан 2024 ж. 198 0