Финляндия мен Швеция арасындағы интернет кабелі зақымдалды
Финляндияда талшықты-оптикалық кабельдің зақымдануы интернеттің ауқымды түрде үзілуіне себеп болды. Билік болған оқиға «әдейі жасалған болуы мүмкін» деп болжайды. Бұл туралы DW хабарлады.
Балтық жағалауында бұл жолы Финляндия мен Швеция арасында интернет кабелі қайта зақымдалды, деп хабарлады сейсенбі, 3 желтоқсанда Sveriges Radio радиостанциясы.
Хабарламаға сәйкес, фин полициясы мұны «қылмыс» деп қарауы мүмкін.
Швецияның PTS телекоммуникация агенттігі Финляндия аумағында интернет кабелінің екі бірдей жерден зақымдануы тіркелгенін растады. Финляндияның көлік және коммуникация министрі Лулу Ранне X әлеуметтік желіде биліктің тергеу жүргізіп жатқанын және «жағдайды байыппен бақылап отырғанын» жазды.
Сонымен қатар GlobalConnect байланыс операторы талшықты-оптикалық кабельдің зақымдануынан Финляндияда интернет жұмыс істемей қалғанын хабарлады. Оқиға дүйсенбі күні болған, содан бері жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ашық дереккөзден