Канада Трамптың қоқан лоққыларына жауап ретінде АҚШ-тағы электр қуатын өшіретінін айтты

Бұл мәлімдеме елдің премьер-министрі Джастин Трюдо бастаған канадалық көшбасшылардың кездесуінен кейін жасалды. Олар АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп айтқан жаңа кедендік тарифтерге байланысты қысымды талқылады.
"Біз қаншалықты деңгейде болатынына қарай толық жауап береміз. Тіпті керек болса Мичиган, Нью-Йорк және Висконсин штаттарына электр қуатын өшіруге дейін барамыз. Әрине бұлай болғанын қаламаймыз. Бірақ ең басты міндет Онтарионы, Онтарио тұрғындарын және жалпы канадалықтарды қорғау. Өйткені біз ең үлкен провинциямыз", - деді Форд.
Трамптың сайлаудағы жеңісінен кейін Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды
Трамп туу құқығы бойынша АҚШ азаматтығын беруді тоқтатуға ниетті
Өз кезегінде, канадалық вице-премьер Христос Фриланд "Канаданың АҚШ-тың әділетсіз тарифтеріне жауап беретініне" уәде берді. Айтуынша Канада металдар мен маңызды минералдарға қарсы әрекет етеді.
Сурет: stan.kz