Америкалық әйел шошқаның бүйрегімен ең ұзақ өмір сүрген науқас атанды

Қазір донорлық органдарды қажет ететін науқастарға шошқаның бүйрегі трансплантацияланып жатыр. Бұған дейін бірнеше адамға шошқа бүйрегі салынған, бірақ олар бірнеше уақыттан соң өліп кетті.
Луни шошқаның ағзасымен ең ұзақ өмір сүрген әйел болып, ғылымға жаңа серпін берді. Ол сап-сау, жаңа бүйрегімен белсенді өмір сүруді жалғастырып жатыр.
Бұған дейін АҚШ-та тек төрт науқасқа осындай ота жасалды: екеуіне шошқа жүрегі, тағы екеуіне бүйрек берілді. Дегенмен олар екі айға жетпей шыдамады.
Тована Лунидің жағдайын бақылап отырған дәрігерлер онған ешқандай қауіп төніп тұрмағанын байқады.
Сарапшылардың пікірінше, бұл эксперименттік жағдай трансплантология саласындағы революциялық қадамға айналуы мүмкін.
Бұған дейін әйелге жақында трансплатанцияланған шошқаның бауырын дәрігерлер алып тастаған еді.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай