Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әзербайжан Болгарияға жеткізілетін газ көлемін екі есе арттырды

Әзербайжан Болгарияға жеткізілетін газ көлемін екі есе арттырды

Бұл Әзербайжан Болгарияның «көгілдір отынға» деген сұранысының басым бөлігін қанағаттандырады деген сөз, деп жазады Kazinform тілшісі.  

Әзербайжанның Болгарияға жыл сайынғы газ жеткізу көлемі 2024 жылы 2 миллиард текше метрді құрады, деп хабарлады Әзербайжанның Софиядағы елшісі Гусейн Гусейнов.

— Біз жеткізілетін газ көлемін 1 миллиард текше метрден 1,2 миллиард текше метрге, кейін 1,5 миллиард текше метрге дейін ұлғайта бастадық, ал өткен жылдың соңында Әзербайжаннан жеткізілген газ көлемі 2 миллиард текше метрге жетті. Бұл қазіргі уақытта Болгарияның көгілдір отынға деген сұранысының басым бөлігін қамтамасыз етіп отырғанымызды білдіреді, - деді дипломат.

Ол 2013 жылы Әзербайжанның мемлекеттік мұнай компаниясы «Булгаргаз» компаниясымен Болгарияға жыл сайын 1 миллиард текше метр газ жеткізу туралы 25 жылдық келісімге қол қойғанын еске салды.

Елші Болгариядағы энергетикалық дағдарыстан кейін Әзербайжан осы елдің сұранысы бойынша «көгілдір отын» жеткізуді арттыра бастағанын атап өтті.

Гусейнов сондай-ақ 2022 жылы Әзербайжанның ЕО-мен энергетика саласындағы стратегиялық серіктестік бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын еске салды.

Оның айтуынша, Әзербайжан қазір Еуропаның 12 еліне газ экспорттайды.

- Болгарияны Әзербайжан газ транзиті бойынша өте маңызды ел ретінде қарастырады, өйткені сіздің елде ішкі газ тасымалдау желісі дамыған,- деп түйіндеді дипломат.

Қаңтар айының басында Әзербайжан Болгария мен Сербияға газ жеткізуді уақытша тоқтатқан болатын. Бұған Каспий теңізіндегі Shah Deniz Alpha (SDA) платформасындағы техникалық ақау себеп болды. Кейінірек 18 қаңтарда техникалық оператор BP платформаның құбырды жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілгенін хабарлады.

Осыған дейін Әзербайжан Сирияға гуманитарлық көмек жіберетінін хабарлаған болатын.

Сурет: Нұрболат Нұржаубай 
27 қаңтар 2025 ж. 104 0