Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы санкция енгізеді

АҚШ Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы санкция енгізеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Америка Құрама Штаттары мен олардың одақтастарының ізіне түскені үшін Халықаралық қылмыстық сотқа (ХҚС) қарсы санкция енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Ақ үй өкілі жарлық арқылы Халықаралық қылмыстық сот қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қаржылық және визалық санкцияға ұшырайтынын алға тартты.

Трамптың бұл қадамы өткен аптада АҚШ сенатында демократтар республикалықтардың Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоава Галантты тұтқынға алу ордеріне қарсы протест белгісі ретінде ХҚС қарсы санкция енгізу тырысу әрекетін бөгеген соң жасалды.

ХҚС бұған дейін АҚШ-та салынуы мүмкін санкциялардан өз қызметкерлерін қорғау үшін шаралар қолданған. Осылайша, олар қызметкерлеріне жалақыны үш ай ерте төлеп отырған.

Халықаралық қылмыстық сот АҚШ-тың санкциялық шараларымен екінші рет бетпе-бет келіп отыр.

2020 жылы Трамптың алғашқы тақта отырған кезінде Вашингтон Ауғанстандағы әскери қылмысты зерттеуге байланысты ХҚС бас прокуроры Фату Бенсуду мен құзірет мәселелері бойынша департамент директоры Факисо Бенчочохоға қарсы санкция салған еді.

Фото: baq.kz
07 ақпан 2025 ж. 47 0