Зеленский Украинада президент сайлауы қашан өтетінін айтты

Ол жексенбіде Киевте баспасөз мәслихатын өткізді.
"Украинадағы президент сайлауы елде соғыс жағдайы алынғаннан кейін өтеді", - деп келтірді оның сөзін УНИАН Telegram арнасы.
Украина басшысының сөзінше, АҚШ президенті Дональд Трамп 2025 жылы кескілескен соғысты аяқтауға ұмтылады.
"Бұл - олардың (АҚШ - еск.) мақсаты", - деді Зеленский.
Оның айтуынша, Америка президенті өзін "диктатор" дегеніне ренжімейді.
"Диктатор дегенге шын мәнінде диктатор адам ғана ренжиді", - деді ол.
Зеленский Украина, Еуропа, АҚШ және Ресей бейбіт келіссөздерге қатысушылар тізіміне енуі керек екенін жеткізді.
Фото: massaget.kz