Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығармашылықты шыңдаған шара

Шығармашылықты шыңдаған шара

Балалардың шығармашылығын дамыту үшін қолдау көрсету, шабыт беру және еркіндік беру маңызды. Оларды қызықтыратын тақырыптарға бағыттап, түрлі материалдар мен құралдар ұсыну арқылы жаңа идеялардың пайда болуына жағдай жасау қажет. Бүгінгі біртұтас тәрбие бағдарламасы да өткенді ұлықтай отырып жаңашылдыққа қадам басуды, шығармашылыққа бейімделуді көздейді. Осы мақсатта №71 орта мектебінің 8 сынып оқушыларына тарих пәнінен «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбына шығармашылықтарын шыңдауға негізделген шара өтті. Шарада әр оқушы өзін ерекше қырынан көрсетті. Солардың арасында үздік саналған осы бір шығарманы басылым бетіне ұсынып, оқушылардың қызығушылығын арттырсақ дейміз.
С.Абдуллаева

Ұлт ұстазы – Ахмет
Ұлт үшін туған ұлы ер,
Тіл ұстап берген тірек қып.
Қазақтың қамын жеп өткен,
Әріпің қалған білім боп.
Әліппең білім шырағы,
Сөзіңнен жалын аламыз.
Қазақтың бағы мұраңда,
Мұраңды мәңгі ұғамыз.
Жыр арнап, қазақ қалпына,
Жанашыр, алып ер тұлға.
Нұсқаулық етіп «Тіл – құрал»,    
Ұстазсыз барша халыққа.
Қазақтың қамын ойлаған,
Нұр сеуіп елге жайнаған.
Білімнің шамын жақпаса,
Қайран ел қайтіп оянар?
Қараңғы елге нұр сепкен,
Алашты ту ғып еңбекпен.
Халқына білім сыйлаған,
Ұстаздың аты кемел кең!
Жанерке Мергенбаева,
№71 мектептің 8 сынып оқушысы

Фото: Нұрболат Нұржаубай
15 наурыз 2025 ж. 42 0