Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады

Зеленский соғысты тоқтатуға қатысты мәлімдеме жасады

Украина президенті Владимир Зеленский 23 сәуірдегі Украинадағы "берік бейбітшілікке" қол жеткізу жөніндегі келіссөздерге АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Украина қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Владимир Зеленский Украинадағы атысты тоқтату мәселесіне арналған халықаралық кездесудің өтетінін жариялады. Кездесу Лондон қаласында 23 сәуірде өтеді.

Украина, Ұлыбритания, Франция және АҚШ — біз барынша конструктивті түрде алға жылжуға дайынбыз, — деп жазды Зеленский өзінің X әлеуметтік парақшасында.

Алдағы келіссөздердің мақсаты — "шартсыз атысты тоқтату және оның артынан нақты әрі тұрақты бейбітшілікті орнату", деп қосты Украина президенті. Сонымен қатар, ол алдағы саммитті Ұлыбритания премьер-министрі Керри Стармермен талқылағанын айтты.

Алдыңғы кездесулер туралы

Осыған ұқсас кездесулер 17 сәуірде Парижде төрт ел мен Германияның қатысуымен өтті. Бұл Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне кіріскеннен кейін, украин мәселесі бойынша еуропалықтардың алғаш рет келіссөздер үстеліне отырған кезі болғанын AFP агенттігі атап өтті.

Дональд Трамп әкімшілігі Украинаға ұзақ мерзімді қолдау көрсетуге дайын емес және Киевке Ресеймен бейбіт келісімге қол жеткізу үшін қысым жасауда, деп жазады dpa агенттігі. Атап айтқанда, Украинадан НАТО-ға мүше болудан ғана емес, сонымен қатар өз территорияларының едәуір бөлігінен бас тартуды талап етуде.

Путин: Украинамен тікелей келіссөздер болуы мүмкін

21 сәуірде Ресей президенті Владимир Путин Украинаның "пасха уақытындағы" атысты тоқтату жөніндегі ұсынысынан кейін, оны "зерттеу керек" деп, Ресей мен Украина арасында тікелей келіссөздер өткізуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді.


Фото: ​baq.kz​​​
22 сәуір 2025 ж. 47 0