115 жастағы әйел әлемдегі ең қарт адам атанды

Этель Катерхэм Суррей графтығындағы Лайтвотер қаласындағы қарттар үйінде тұрады. Ол бұл мәртебеге бразилиялық монахиня, 116 жасқа жеткен Ина Канабарро Лукас қайтыс болғаннан кейін ие болды.
Катерхэм ханым 1909 жылдың 21 тамызында дүниеге келген. Ол – патша VII Эдвард билік еткен кезеңде туған соңғы тірі адам.
115 жылдығын атап өту кезінде ол: «Неге бәрі сонша әбігерге түсіп жатқанын түсінбеймін» деп әзілдеді.
Ешкіммен ұрыспаймын, барлығын тыңдаймын және өзім қалағандай өмір сүремін, - деп түсіндірді ұзақ жасаудың құпиясын айтып.
Этель патшадан құттықтау хат алған. Онда Карл III король оны «ерекше жетістікке жеткен жан» деп атап, ізгі тілегін білдірген.
Катерхэм ханым Англияның Хэмпшир графтығындағы Шиптон Беллинджер ауылында дүниеге келіп, Уилтширдегі Тидвортта өскен. Сегіз баланың ішінде жетінші болған. 18 жасында Үндістандағы әскери отбасыға қызметке барған, кейін Ұлыбританияға оралып, болашақ жары Норман Катерхэммен танысқан. Олар 1933 жылы үйленіп, Гонконг пен Гибралтарда тұрған. Гонконгта Этель балабақша ашқан.
Қарт ана I және II дүниежүзілік соғысты, Титаниктің суға батуы мен Ұлы депрессияны көзімен көрген. Соңғы 50 жылын Суррейде өткізген, көлікті 97 жасқа дейін жүргізіп келген.
Айта кетейік, Этель Катерхэм 2020 жылы, 110 жасында COVID-19 жұқтырып, жазылып шыққан ең жасы үлкен адамдардың бірі саналады.
Сіздің өмір жолыңыз – бәріміз үшін шабыт көзі. Мұндай ғұмыр – үлкен батырлық пен табандылықтың көрінісі, – деді Hallmark Lakeview қарттар үйінің өкілі.
Фото: baq.kz