Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Той фотографтары көп ұзамай ажырасатын жұптардың белгілерін атады

Той фотографтары көп ұзамай ажырасатын жұптардың белгілерін атады

Той фотографтары Reddit-ке неке қию рәсіміне дайындық, оны өткізу барысында жұптардың ұзақ сақталар-сақталмасын қалай анықтауға болатынын айтып берді. Олар жас отбасылардың ажырасуға арыз беруіне әкеліп соғатын тойдағы жағдайларды баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Кей фотографтардың айтуынша, той барысында ұрысу жастардың бақытына алаңдауға жиі себеп болады.
"Бір жұп той бойы ұрысып шықты. Бір-біріне қараған да жоқ. Бізге, тіпті, фотошоп арқылы күйеуі күліп тұрғандай қылып өзгертуге тура келді", - дейді қолданушы Golden-lining.
Егер некелескен жастардың бірі ұзақ уақыт бойы үндемесе, мұнда да жұптың бақытты болып кетуін күтпеген дұрыс. Бұл - қолданушы Compulsive-Gremlin-нің пікірі.
"Бір жігіт той бойы көп дегенде он сөз айтты. Ал қалыңдық пен оның анасы, керісінше, өте көп сөйледі. Қалыңдығы бәрінің кіршіксіз өткенін қалады. Бір жылдан соң олар ажырасып кетті", - дейді ол.
Той алдындағы фототүсірілімді жоспарлау кезінде бір-бірінің әуестігін құрметтемеу де жаман белгі саналады.
Фотографтардың бірі достарымен бірге Жабайы Батыстағы ковбойлар образында суретке түскісі келген, бірақ қалыңдығы йоркпен түсуге мәжбүр еткен жігіт туралы айтып берді.
"Мен тойдан кейінгі суреттің жартысын ғана дайындап үлгергенмін, күйеуі хабарласып, қалыңдығымен ажырасып кеткенін айтты", - деп жазды c64bandit қолданушысы.
Кей фотографтар тойдағы тортты кесу мәнеріне дейін көңіл бөлген.
"Ант етемін, бір-бірінің бетіне торт лақтырған жұптардың бәрі кейін ажырасып кетті. Ал олай жасамағандар әлі бірге жүр. Мүмкін бұл бір-біріне деген құрмет шығар", - деді фотограф.
Plymouthvan деген лақап атпен тіркелген фотограф саябақта суретке түскен жұптардың кейін ажырасып кететінін байқаған. Бірақ қолданушы мұның себебін түсіндіре алмады. "Бұл локация "қарғыс атқан шалғын" шығар", - дейді ол.

11 сәуір 2019 ж. 1 080 0