Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шавкат Мирзиёевтің қызы басшылық қызметке тағайындалды

Шавкат Мирзиёевтің қызы басшылық қызметке тағайындалды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасарларының бірі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.

"Бүгін ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде президент әкімшілігінің басшысы Зайнилобиддин Низомиддиновтың басшылығымен коллегияның кеңейтілген отырысы өтті, - деп хабарлайды агенттік. – Кеңейтілген отырыстың қатысушыларына агенттік басшылығының жаңа құрамы таныстырылды: агенттік директоры міндетін атқарушы — Комил Исмаилович Алламжанов, директордың бірінші орынбасары — Ходжиметов Авазбек Жаббаркулович, директор орынбасарлары — Мирзиёева Саида Шавкатовна мен Бозоров Гайрат Назарович".

Сонымен қатар, отырыс қатысушылары агенттіктің үкімет және Олий Мажлис палаталарымен өзара байланысын тереңдету, ақпараттық саясат құру және жүзеге асыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Жаңа қызметке келген Саида Мирзиёева Өзбекстанның шетелдегі жағымды бейнесін қалыптастыру бойынша мәселелерді басқаратын болады.
sputniknews.kz
12 сәуір 2019 ж. 826 0