Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстан ағаш материалдарын экспорттауға уақытша тыйым салды

Қырғызстан ағаш материалдарын экспорттауға уақытша тыйым салды

Қырғызстанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге ағаш және ағаш материалдарын шығаруға уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Үкімет қаулысына сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403 және 4407 бойынша жіктелетін ағаш және ағаш материалдарын экспорттауға алты ай мерзімге уақытша шектеу енгізіледі.

Қырғызстанның Экономика және коммерция министрлігіне Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығына және Еуразиялық экономикалық комиссияға бұл шектеу туралы тиісті тәртіппен хабарлау тапсырылды.

Сонымен қатар, Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі үш күн ішінде ТМД Атқарушы комитетін осы қаулының күшіне енуі туралы хабардар етуі тиіс.

Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кеден қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметіне тауарлардың заңсыз экспортын болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Фото: pixabay.com

29 мамыр 2025 ж. 48 0