Қырғызстанда елден автокөлікпен көмір шығаруға мараторий жарияланды

Бұл шектеулер «Иркештам автожолы» және «Торугарт автожолы» қырғыз-қытай мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде орнатылды. Қабылданған шешім контрабанда фактілерін қысқарту және көмір экспортын сенімді есепке алу мақсатында жасалды.
Қырғыз Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне, Мемлекеттік кеден және шекара қызметтеріне шешімді орындау бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Тыйым алты ай мерзімге енгізілді.