Бүгін - Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні

Жарлыққа сәйкес, ұлттық аза тұту күні елдің барлық аумағында, сонымен қатар шет елдердегі дипломатиялық және консульдық мекемелерде Қырғыз Республикасының Мемлекеттік туы төмен түсіріледі. Бұдан бөлек, мәдени ұйымдар мен телеарналардағы ойын-сауық бағдарламалар уақытша тоқтатылады.
Айта кету керек, 14-17 қыркүйек аралығында Баткен облысы аумағындағы мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік телімінде болған қарулы қақтығыс салдарынан Қырғыз Республикасы тарапынан 59 адам қаза тауып, 144 азамат жарақат алған.
Қазіргі кезде шекарадағы әскери қақтығыстар тоқтатылған.