Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстан 11 адам зардап шекті

Тәжік-қырғыз шекарасындағы қақтығыстан 11 адам зардап шекті

16 қыркүйек күні сағат 10:00-де қырғыз-тәжік шекарасында болған оқиғадан зардап шеккен 11 адам Баткен облыстық ауруханасына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Баткен облысының денсаулық сақтау үйлестірушісіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жаралылардың жағдайы мен диагнозы туралы ақпарат кейінірек беріледі.

«Баткен облысының барлық денсаулық сақтау ұйымдары мен жедел жәрдем қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді. Ауруханаларда медициналық көмек көрсету үшін қан компоненттерінің, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың жеткілікті көлемі бар», делінген хабарламада.
16 қыркүйек 2022 ж. 424 0