Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғыз-тәжік шекарасында тағы қарулы қақтығыс болды

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы қарулы қақтығыс болды

Бұл туралы Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Жауапты министрліктің мәліметінше, оқиға 14 қыркүйекте Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында болған. Ведомство мәліметінде Тәжікстанның әскери қызметшілері тараптар арасындағы келісімдерді бұза отырып, мемлекеттік шекараның белгіленбеген учаскесінде жауынгерлік позицияларға шыққаны туралы айтылған.

«Қырғыз тарапының аумақтан шығу туралы талаптарын елемей, тәжік шекарашылары оқ жаудырды. Бұған жауап ретінде Қырғыз Республикасының шекарашылары да қару қолданған. Атыс басталып, оның барысында тәжік тарапы миномет қолданды. Сағат 9:30-дағы жағдай бойынша дүркін-дүркін атыс болып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қырғыз тарапынан құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Баткен шекара отрядының бастығы аттанды. Шекара қызметінің Баткен облыстық басқармасының бастығы, полковник Қиялбек Төленбаев пен Тәжікстан Республикасы Шекара әскерлерінің Соғды облыстық басқармасының бастығы, генерал-майор Х.Пиракзода қақтығыстың өршуіне жол бермеу мақсатында телефон арқылы сөйлесті. Тараптар кездесуді жоспарлап отыр», деп жазылған ведомство хабарламасында.
14 қыркүйек 2022 ж. 1 664 0