Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда ақша аударымдарына өзгеріс енгізілді

Қырғызстанда ақша аударымдарына өзгеріс енгізілді

Қырғызстанда ақша аударымы жүйесін жүзеге асыру ережесіне уақытша өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Қырғыз Ұлттық банкіне сілтеме жасап Кабар агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, Қырғызстан аумағындағы төлем жүйелері штаттық режимде жұмыс істейді. Бұл елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылданып жатқан шара екені айтылды. Өзгеріс уақытша және Қырғызстан аумағында халықаралық ақша аударымдары жүйелері бойынша ақша аударымын алу валютасына қойылатын талаптарға қатысты.
Ақша аударымын жөнелтуші елдің валютасымен алуға болады. Ақша аударымын басқа валютаға айырбастау Қырғызстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

inform.kz
19 сәуір 2022 ж. 510 0