Нигериядағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 200 адамға жетті

Моква – Нигерияның солтүстік-орталық бөлігінде орналасқан ірі сауда және көлік торабы. Мұнда фермерлер оңтүстіктен келген саудагерлерге азық-түлік өнімдерін сатады. Қалалық Үкімет төрағасының орынбасары Муса Кимбокудың мәліметінше, табиғи апат мыңдаған адамның өміріне айтарлықтай әсер еткен.
Су тасқыны салдарынан кемінде 500 үй шаруашылығы зардап шеккен. 3 мыңнан астам тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Айта кетейік, биылғы жылы әлемнің түрлі елдерінде табиғи апаттар жиілеп барады. Бұған дейін, 2025 жылдың наурызында Боливияда болған су тасқыны мен нөсер салдарынан 50-ден астам адам көз жұмып, 100 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланған болатын. Елде төтенше жағдай режимі енгізілген еді.
Фото: baq.kz