Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Вьетнамға жиі баратын болсаңыз, біле жүріңіз!

Вьетнамға жиі баратын болсаңыз, біле жүріңіз!

Кеше ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Вьетнам бағытындағы әуе қатынасының кеңейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2025 жылғы 4 маусымнан бастап Air Astana әуе компаниясы Алматы – Дананг (Вьетнам) бағыты бойынша рейстерді орындай бастады.

Рейстер аптасына 2 рет – сәрсенбі және сенбі күндері Airbus A321LR әуе кемелерімен орындалады.

Осылайша, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы жолаушылар рейстерінің саны аптасына 29-ға дейін өсіп отыр. Бұл рейстер 4 бағыт бойынша 3 әуе компаниясымен жүзеге асырылады, – деп жазылған Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Фото: baq.kz
05 маусым 2025 ж. 47 0