Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда тікұшақ мәжбүрлі түрде автожолға қонды

Үндістанда тікұшақ мәжбүрлі түрде автожолға қонды

Үндістанның Уттаракханд штатында техникалық ақаулыққа байланысты тікұшақ автожолға мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ NDTV арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Кедарнатқа бағыт алған тікұшақтың ұжымдық басқару жүйесінде ақау туындауына байланысты болған. Әуе кемесінің бортында бес жолаушы мен бір ұшқыш болған.

Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Ал ұшқыш жеңіл жарақат алды. Қону барысында тікұшақтың құйрық винті жол бойында тұрған көлікке зақым келтірген.

Жергілікті билік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: baq.kz
08 маусым 2025 ж. 29 0