Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапонияда екі әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Жапонияда екі әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Жапонияда Идзу аралдарының аумағында екі тікұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, елдің қорғаныс күштері екі тікұшақтың экипажымен байланысқа шыға алмай отырғандарын мәлімдеген.

Жапонияның шығысында, Идзу архипелагына енетін Торисима аралы маңында теңіз қорғаныс күштерінің екі тікұшағы апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты, - деді Жапонияның қорғаныс министрі Минору Кихара.

Тікұшақ бортында болған тағы жеті адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында.

Министрдің айтуынша, екі тікұшақ бір-біріне соғылып, апат болған деген болжам бар.

Сурет ашық дереккөзден алынды
22 сәуір 2024 ж. 568 0