Әлемдегі ең қымбат ойыншық анықталды

Биіктігі 131 см ерекше қуыршақ гонконгтік суретші Касинг Лунгтің авторлығымен жасалған. Қуыршақтың танымалдығы соңғы жылдары K-pop жұлдызы Blackpink тобының мүшесі Лисаның және Рианна, Дуа Липа, Дэвид Бекхэм сияқты жұлдыздардың қолдауымен күрт артты.
Аукционда тек Лабубуға арналған 48 өнім саудаға шығарылып, іс-шарадан түскен жалпы табыс 470 мың доллар (244,4 миллион теңге) болды.
Лабубу қуыршақтары Қытайдың Pop Mart компаниясы арқылы сатылады. Олар көбінесе "жасырын қорап" форматында беріледі. Тұтынушы қуыршақтың дизайнын тек қорапты ашқан соң ғана біледі.
Компанияның 2024 жылғы табысы 1,8 млн доллардан аса пайда тауып, өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Pop Mart-тың Италия мен Испанияны қоса алғанда, бес елде жаңа дүкендері бар.
Фото: baq.kz