Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Иран Израильге тағы да зымыран ұшырды

Иран Израильге тағы да зымыран ұшырды

Бүгін, 24 маусымда Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иран аумағынан Израильге қарай жаңа зымыран топтамасының ұшырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы армияның баспасөз қызметі Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Біраз уақыт бұрын ЦАХАЛ Ираннан Израиль мемлекетінің аумағына зымырандардың ұшырылуын тіркеді, - деп жазылған ресми хабарламада.

Бұл жағдай атысты тоқтату туралы келісім жасалды деген хабардан кейінгі тәулік ішінде орын алып отыр. Қазіргі уақытта шабуылдың салдары мен зардаптары туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Израиль жағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін белсенді түрде қолдануда.

Қауіпсіздік ахуалына қатысты қосымша ақпарат ресми органдар тарапынан кейінірек ұсынылады.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп Иран мен Израильдің атысты толық тоқтатуға келіскенін жариялаған болатын. Оның айтуынша, бұл шешімнің ресми түрде жариялануы 24 сағат ішінде жүзеге асады.

Фото: baq.kz
24 маусым 2025 ж. 49 0