Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда жер сілкінісі болды

Қырғызстанда жер сілкінісі болды

Қырғызстанда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық ұлттық деректер орталығы мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы - 4,2. Жер сілкінісі Қырғызстан аумағында 26 маусымда Астана уақытымен сағат 06:48-де тіркелген.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Тұмшұқтан (Қытай) солтүстік-батысқа қарай 215 шақырым және Нарыннан (Қырғызстан) шығысқа қарай 104 шақырым жерде орналасқан.

"Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Нарын қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 96 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.


Фото: 
massaget.kz​​​
26 маусым 2025 ж. 33 0