Вьетнамда қала орталығында мопедпен жүруге тыйым салынады

8 миллион тұрғында 7 миллион мопед бар!
Жергілікті билікке белгіленген мерзімге дейін екі дөңгелекті көлікті кезең-кезеңімен тоқтату тапсырылды. Мотоциклдер мен мопедтер қала тұрғындарының көпшілігі үшін негізгі көлік түрі болып табылады. 8 миллион тұрғыны бар ел астанасында 7 миллионға жуық екі дөңгелекті көлік пен 1 миллионнан сәл астам автокөлік бар.
Ауа сапасы ең лас қала атанған
Тыйым салуға экологиялық алаңдаушылық себеп болды. Ханой көбінесе қалың түтінге оранып, әлемдегі ең ластанған қалалардың бірі болып келеді.
2028 жылдың қаңтарында басталуы жоспарланған екінші кезеңде тыйым кеңірек аумаққа таратылады және кейбір бензинмен жүретін көліктерге әсер етеді.
Фото: baq.kz