Бейжіңдегі су тасқынынан 30 адам қаза тапты

Бейжің қаласының су тасқынына қарсы күрес штабының хабарлауынша, қаза болғандар қаланың солтүстігіндегі таулы аймақтарда тіркелген.
«Миюнь ауданында 28 адам, Яньцин ауданында 2 адам қаза болды. Су апатының салдарынан қала бойынша барлығы 80 332 адам эвакуацияланды», – делінген хабарламада.
Жергілікті биліктің дерегінше, бұл өңірде жауын-шашынның ең көп мөлшері 543,4 миллиметрге жеткен.
Тәулігіне 500 миллиметрден асатын жауын-шашын деңгейі аса жоғары көрсеткіш болып саналады және су тасқынына әкеледі.
«Нөсер жауын салдарынан 31 жол учаскесі бүлініп, 136 ауылда электр жарығы өшті», – делінген хабарламада.
Фото: turkystan.kz