АҚШ Палестина шенеуніктеріне виза беруден бас тартты

Вашингтон мәлімдемесінде Палестина ұйымдары "Израильмен қақтығысты интернационалдандыруға, халықаралық соттарға жүгінуге тырысуда" деп айыпталды. Сонымен қатар, палестиналық террористер мен олардың отбасыларына жасалатын төлемдер мен жеңілдіктер сынға алынды.
Санкциялар Осло келісімдері аясында құрылған Палестина әкімшілігі мен оның өкілі – Палестинаны азат ету ұйымын қамтиды. Бұған дейін Франция, Ұлыбритания және Канада Палестинаны дербес мемлекет ретінде тануға дайын екенін мәлімдеген еді.
Израиль бұл шешімді құптап, АҚШ-қа алғыс айтты. Ал палестиналық саясаткерлер Вашингтонның бұл әрекетін "жәбірленушіні жазалау" деп атады. Палестинаның БҰҰ-дағы елшісі мен орынбасары – АҚШ азаматтары, сондықтан бұл шараның олар үшін қолданылатыны әзірге белгісіз.
Фото: baq.kz