Қауіпті вирусты жұқтырғандардың саны артты

Аталған вирус ошағы он миллионнан астам тұрғыны бар Фошань қаласы болып отыр. Мұнда науқастар маса өткізбейтін арнайы торлармен жабдықталған төсек-орындарда бір апта бойы және олардың ағзасынан вирус жойылғанша оқшауланып, ем қабылдайды.
Чикунгунья вирусын масалар таратады. Ауру дене қызуының көтерілуімен және буындардағы қатты ауырсынумен сипатталады. Кейбір жағдайларда бұл белгілер бірнеше айға немесе жылдарға дейін сақталуы мүмкін.
Айта кетейік, бұл вирус адамнан адамға жұқпайды. Жұқтыру үшін вирусты тасымалдаған маса шаққан болуы тиіс.
Қытай билігінің мәліметінше, қазіргі таңда вирус жеңіл түрде өтіп жатыр. Науқастардың 95 пайызы бір апта ішінде ауруханадан шығарылған.
Еске салайық, бұған дейін маса арқылы жұғатын вирус өршіп, 5,6 миллиард адам қауіп аймағында тұрғаны хабарланған.
Қытайда қауіпті вирус таралып жатқаны да айтылды. Соған байланысты Қытай қатаң карантиндік шараларға көшті.
baq.kz