«Евровидение-2026» байқауы Венада өтеді

Биылғы байқауда Австриялық әнші JJ (Йоханнес Пич) жеңіске жеткен болатын. Осыған байланысты дәстүр бойынша келесі байқауды жеңімпаз ел ұйымдастырады. Вена «Евровидение» байқауын үшінші рет қабылдайды — бұған дейін ол мұндай құрметке 1967 және 2015 жылдары ие болған.
Инсбрукпен бәсекеде Вена жеңіске жетті
20 тамыз күні, сәрсенбіде ORF ресми түрде Вена таңдалғанын хабарлады. Вена бұл мәртебе үшін Инсбрукпен жарысқан болатын.
ORF бас директоры Роланд Вайсманн былай деді:
— Вена да, Инсбрук те байқауды өткізу бойынша әсерлі тұжырымдамалар ұсынды. Алайда мұқият талдау мен қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімі негізінде біз Вена ұсынысын таңдадық — ол тек инфрақұрылым мен логистика тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар экономикалық жағынан да ең тартымды, — деді ORF бас директоры Роланд Вайсманн.
Байқау кестесі
Жартылай финалдар: 12 және 14 мамыр 2026
Финал: 16 мамыр 2026
Өтетін орын: Wiener Stadthalle аренасы (Вена)
Австрияның жеңісі және JJ-дің тосын табысы
2025 жылы Швейцарияның Базель қаласында өткен байқауда австриялық орындаушы JJ «Wasted Love» әнімен жеңіске жеткен болатын. 24 жастағы әншінің бұл жеңісі күтпеген жаңалық болды, өйткені жарыс барысында Швеция атынан шыққан финдік KAJ триосы басты фаворит саналып келген еді.
Венаның «Евровидение» тарихы
1967 жылы Венада байқау Удо Юргенстің жеңісі арқасында өтті.
2015 жылы байқау Томас Нойвирттің (Кончита Вурст) жеңісінен кейін қайта ұйымдастырылды.
Енді 2026 жылы Вена «Евровидениені» үшінші рет қабылдамақ.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Фото: ашық дереккөзден алынды